Мультимодальдық тасымалдар

Мультимодальдық тасымалдар жүктерді жеткізу мерзімін және шығыс бөлігін едәуір қысқартуға мүмкіндік береді. Олардың мәні – көліктің түрлерін араластыру (автомобиль, теңіз, тж немесе әуе). Мысалы, жүкті Ресейге жеткізу үшін біз мынадай схема қолдана аламыз: бірден автомобиль көлігін, ал кейін теміржол көлігін іске қосу. Әрбір жекелеген жағдайда логистиканың әр түрлі схемасы қолданылады. Бірақ оның мақсаты бір – шығыстарды барынша азайту.

«Алферт» ЖШС-нен мультимодальдық тасымалдар – әрқашан сенімді және қолжетімді

  • Тәуекелдерді барынша азайту. Біз жүктің жолда болуының әрбір кезеңінде оның сақталуын бақылаймыз, жауапты қоймада сақталуын, артылуы мен түсірілуін ұйымдастырамыз. 
  • Уақтылы жеткізу үшін жауапкершілік тек біздің компаниямызға ғана жүктеледі.
  • Жылдамдық және қолжетімділік.
  • Логистика бөлімі жүк түрін, тасымалдау мерзімін, жыл мезгілін және бөлінген бюджетті ескере отырып, арнайы сіз үшін мультимодальдық тасымалдау схемасын әзірлейді.
  • Әкімшілік ресурстарды қысқарту.

Бізге мультимодальдық тасымалдауға тапсырыс беруді шешсеңіз, Сізге бірнеше тасымалдаушының әрекеттерін үйлестіру, кедендік «әуре-сарсаңға», ілеспе құжаттарды рәсімдеуге уақыт кетіру қажет болмайды. Бұл әкімшілік ресурстарды 30%-ға дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Жол жүру қашықтығына және іске қосылған көлік санына қарамастан, сіз тасымалдауды ұйымдастырушымен – яғни біздің компаниямен тек бір ғана шарт жасайсыз. 

 

«Алферт» ЖШС-ның үлкен тәжірибесі және көлік-экспедиторлық компаниялар нарығында мінсіз беделі бар. Біздің міндетіміз – сапалы мультимодальдық тасымалдау ғана емес... Біз әр түрлі елдердің заңнамаларының барлық өзгешеліктерін, кедендік терминалдардың жұмыс істеу ерекшеліктерін ескереміз, жүкті қатаң белгіленген мерзімде сіз үшін барынша аз шығынмен жеткіземіз.

КОНСУЛЬТАЦИЯ АЛУ